Дания патшайымы тақтан бас тартатынын мәлімдеді

0
203

83 жастағы Маргрете II тақты ұлы ханзада Фредерикке береді.


Дания патшайымы тақтан бас тартатынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Дания патшайымы Маргрете II жаңа жылдық үндеуінде 2024 жылдың 14 қаңтарында тақтан бас тартатынын айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

83 жастағы Маргрете II тақты ұлы ханзада Фредерикке береді.

– Мен дәл қазір кетуге жақсы уақыт деп шештім. 2024 жылдың 14 қаңтарында, сүйікті әкемнің орнына келген соң 52 жыл өткеннен кейін мен Дания патшайымы қызметінен кетемін, — деді ол.

2023 жылы патшайымның арқасына ота жасалған.

Бұған дейін Маргрете II бұл қызметте өмірден өткенге дейін болатынын айтқан еді. Тақтан бас тартуға бел буған ол Даниядағы корольдік отбасының көп ұрпағы ұстанған дәстүрді бұзды.

Королева Маргрете II 1972 жылы 14 қаңтарда әкесі Король Фредерик IX қайтыс болғаннан кейін таққа отырған. Таққа отыру кезінде ол 31 жаста еді. Маргрете II Еуропаның ең ұзақ өмір сүрген монархтарын басқарады.