Бұғыны "зомбиге" айналдыратын ауру адамдар арасында таралуы мүмкін – Ғалымдар

0
621

Соңғы жылдары вирус АҚШ-тың 31-ден астам штатына, Канаданың екі провинциясына және Оңтүстік Кореяға тарады.


Бұғыны

ERNUR.KZ. Америкалық ғалымдар зомби-бұғы ауруы адамдарға жұғуы мүмкін екенін ескертті. Бір ай бұрын Йеллоустоун ұлттық саябағында бұғыға миға зиян келтіретін вирус жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді, деп жазады stan.kz.

Вирус жануарлардың миына шабуыл жасап, "зомби бұғы ауруы" созылмалы әлсіздік дертін тудырады. Жануарлардың аузынан сілекей ағып, орманды мақсатсыз кезіп, адамдардан мүлде қорықпайды.

"Ұлыбританиядағы BSE (жынды сиыр ауруы – ірі қараларды зақымдайтын ауру) індеті ірі қара малдан адамдарға өткен кезде, бәрі бақылаудан шығады", – деді ветеринар Кори Андерсон

Соңғы жылдары вирус АҚШ-тың 31-ден астам штатына, Канаданың екі провинциясына және Оңтүстік Кореяға тарады.