Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам көз жұмды

0
457

Елде 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған.


Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ауғанстанда жаңбыр суынан болған тасқыннан 33 адам қаза тауып, 27 адам зардап шеккен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Талибан өкілі, Төтенше жағдайлар министрі Абдулла Жанан Сайек 12 сәуірде Ауғанстан астанасы Кабулда және басқа аймақтарда су тасқыны тіркелгенін хабарлады. Оның айтуынша, 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған. Су тасқыны 800 гектарға жуық алқап пен 85 шақырымнан астам жолға зиян келтірген.

Жергілікті гидрометеорологиялық қызмет Ауғанстанның провинциясының көпшілігінде алдағы күндері жаңбыр жауады деп ескертті. Жауын-шашынның көп бөлігі Газни, Кабул, Кандагар және Нангархар провинцияларына жауады деп болжанған.