2023 жылы әлем халқы 66 миллионға толыққан

0
176

Қордың мәліметінше, қазір жер бетінде 8 миллиардтан астам адам тұрады.


2023 жылы әлем халқы 66 миллионға толыққан

ERNUR.KZ. Германияның Жер тұрғындары қоры 2023 жыл ішінде әлем халқы шамамен 66 миллион адамға толыққанын хабарлады, деп жазады stan.kz.

Қордың мәліметінше, қазір жер бетінде 8 миллиардтан астам адам тұрады.

2023 жылы адамдар саны жаңа ең жоғары деңгейге жеткенімен, Жер бетінде өсу қарқыны баяулауды жалғастыруда. Дүние жүзіндегі халық саны 1965-1970 жылдар аралығында ең көп көлемде өскен. Дегенмен қазір Жер бетіндегі адамзаттың өсу қарқыны БҰҰ мәліметтері бойынша салыстырмалы түрде екі есеге жуық төмендеген.

Өсу қарқыны жер шарының әр аймағында әртүрлі болмақ. Мәселен, DSW мәліметтері бойынша, 2080 жылға қарай Африкада 2,5 миллиард адам тұрады. Бұл қазіргіден екі есе көп.