​ОСЫ сұрақтың жауабын тапсаңыз, көп МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛЕДІ

0
2 556

Өзіңізге қойып, жауабын жүрегіңізден іздеңіз.


​ОСЫ сұрақтың жауабын тапсаңыз, көп МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛЕДІ

Әр адам – бір әлем. Сол әлеммен тереңінен танысып, қыр-сырын білмейінше, адам өзін-өзі танымайды. Өзін танымайтын жанның өмірінде жауапсыз сұрақтар, шешілмеген түйіндер, мәселелер көп болады.

Сіздің ішкі әлеміңіздегі басты мәселе не? Анықтап, шешімін тауып, өміріңізді жеңілдеткіңіз келе ме? Ендеше, әр жерден бір түрткілемей, өзіңіз үшін қойылуы керек негізгі сауалдан бастаңыз.


ТОҚТЫ

«Өзге адамдардың өмірі үшін алаңдаймын, жанын түсінуге тырысамын, ауырын жеңілдеткім келеді. Неге өзіме келгенде сондай емеспін? Неге өз ауыртпашылығымды жеңілдетіп, жаныма батқан ауруды емдемеймін?»



ТОРПАҚ

«Неге мен өз бақытымды уақытша санап, өтпеліге балап, ертерек бұзуға тырысамын? Керісінше жасап, бақытты сәттерімді көбірек, ұзағырақ етуге не кедергі?»



ЕГІЗДЕР

«Неге мен бір сөйлесем, тоқтай алмай қаламын? Бір тоқтасам, қайта сөйлеуім неге қиын? Сөйлеу керек жерде үнсіз қалып, қажет емес жерде қақсап кететін әдетімді қалай қойсам болады?»



ШАЯН

«Басқалардың мен жайлы не ойлайтыны мен үшін неге маңызды? Неге өз ой-пікірімді бірінші орынға қоймаймын?»



АРЫСТАН

«Неге біреу сын айтса, бірден сынып қаламын? Сын мен міннің аражігін ажыратып, дұрыс айтылғанын дұрыс қабылдап, жөнсіз айтылғанды жөніне жіберуді қалай үйренуге болады?»



БИКЕШ

«Неге үнемі бәрін өз уысымда ұстауға тырысамын? Кейде қолым ауырып, өз-өзіме қиын қыламын ғой...»



ТАРАЗЫ

«Неге өзімді ең соңғы орынға қоямын? Бірінші кезекте өзіме қамқорлық жасауды үйрену үшін не істеуім керек?»



САРЫШАЯН

«Неге қал-жағдайым нашар болса да, айналаға бәрі жақсы деп көрсетуге тырысамын? Шын мәніндегі жай-күйіммен бөлісуге жол бермейтін қандай қорқыныш?»



МЕРГЕН

«Неге өз денемде өзімді жайлы сезіне алмаймын? Дене-бітім, жаратылысымды толықтай қабылдауды қалай үйренемін?»



ТАУЕШКІ

«Неге үнемі барлық жағынанмінсіз болуға тырысамын? Бұл мені қажытады ғой. Өзімді қаз қалпымда қабылдап, басқаларға да мінсіз емес екенімді көрсетуді қалай бастаймын?»



СУҚҰЙҒЫШ

«Бірқалыпты өмірден, қарапайым болудан, тұрақтылықтан неге қорқамын? Неге үнемі ерекше болуға, өзгерістер жасауға ұмтылып, өзімді шаршата беремін?»



БАЛЫҚТАР

«Неге үнемі кінәні бірінші өзімнен іздеймін? Айналамда болып жатқан жаман жағдайдың бәріне өзімді айыптауды қалай қойсам болады?»


Өзіңізге осы сұрақты қойыңыз. Бір емес, бірнеше рет. Әр жолы әртүрлі жауап алуыңыз мүмкін. Бірақ, тереңнен толғансаңыз, сол түрлі жауаптардың ішінен әйтеуір бірі дұрыс боп шығады және ол көңіл түкпіріне қонады. Содан соң барып жақсы өзгерістерге саналы және бейсаналы қадамдар басталады. Ең қиыны – бастау. Әрі қарай бәрі оңай, әрекетіңізге байланысты.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Бақытты қарым-қатынас құрудың басты құпиясы