​МОТИВАЦИЯНЫ қайдан немесе кімнен АЛУҒА болады?

0
2 252

Мұны жұлдызбелгіге сүйене отырып білуге ​​болады.


​МОТИВАЦИЯНЫ қайдан немесе кімнен АЛУҒА болады?

Күзгі-қысқы кезеңде энергия, ресурстар және мотивация тапшылығына жиі тап боламыз. Осылардың соңғысына ұзағырақ тоқталсақ. Сізге «сиқырлы соққы» ретінде не немесе кім қызмет етеді? Мұны жұлдызбелгіге сүйене отырып білуге болады.


ТОҚТЫ

Оларға қиындық, тәуекел, адреналин және біреуге бір нәрсені дәлелдеу қажеттілігі мотивация береді. Орнынан қозғалту үшін мақтау, қолдау, жігерлендіру жеткіліксіз болады. Ал қабілетіне күмән келтіріп не сын айтыла қалса болғаны, олай емес екенін дәлелдеу үшін барын салады. Сондықтан кедергілер, қиындықтар мен бәсекелестік оны алға жетелейді.


ТОРПАҚ

Торпақтарды ең қарапайым «жердегі» қуаныштар ынталандырады: дәмді тағам, массаж, сауда, ақша және жайлылық. Сапалы демалыс пен материалдық сыйақы үшін бұл адамдар барынша тер төгіп еңбектенуге дайын.


ЕГІЗДЕР

Тумысынан белсенді Егіздерді қызықтыру, бір нәрсені істеуге ынталандыру өте оңай. Оларға жай ғана серуендеуді, саяхаттауды немесе танысуды сияқты пайдаларды ұсыну жеткілікті, бірден жанып түседі. Сонымен қатар, жаңа білімге, оқуға және оқу процесіне ынта-ықыласы зор.


ШАЯН

Бұл адамдарды орнынан қозғалту, бірдеңеге қызыушылығын ояту өте қиын. Дегенмен оларды үй, отбасы, туыстық парыз, жақындық және онымен байланысты барлық нәрсе ынталандырады. Олар сондай-ақ сақтандыру мен қауіпсіздікке өте қатты мұқтаж. Демек, осылар арқылы мативациясын оятуға болады.


АРЫСТАН

Арыстан – ынталандыру қиын болмайтын белгілердің бірі. Егер оны көпшіліктің назары, қайран қалуы, ризашылығы немесе қошемет күтіп тұрғанын түсінсе, бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысады. Оларға айтылған мақтаулар мен мадақ сөздердің де әсері тура осындай. Оларды естіген Арыстан одан да жақсы сөздерге лайық болу үшін барын салады.


БИКЕШ

Оларға бірдеңені істеуге ындалану үшін «темір» дәлелдер мен тастай берік логика қажет. Бикештер іс жүзінде пайда әкелмейтін нәрселерге қызықпайды. Ал соңында қандай да бір сый күтіп тұрса, мотивациясы маздағаны сонша, бір орында отыра алмай қалады. Кейде біреуге жақсылық жасау үшін ғана өтініштерге құлақ асып, қол ұшын созуы мүмкін.


ТАРАЗЫ

Таразылар үшін ең жақсы мотивация – серіктесінің пікірі немесе маңызды адамдардың сөздері мен бағасы. Кейде олар сын, бәсекелестік немесе біреумен салыстыру арқылы үлкен мотивация алады. Дегенмен бейбітшілік пен келісімге көбірек бейім. Сондай-ақ мінсіз бедел, мақтау және қошемет жоғары мотивация береді.


САРЫШАЯН

Дағдарыс, адреналин және тәуекел – осының бәрі олар үшін «сиқырлы бастама» болады. Жағдай шынымен қиын және шұғыл болғанда, сын сағаты соққанда өте жақсы әрекет және өте дұрыс шешімдер шығады. Сондай-ақ, белгі өкілдері билік пен ықпалға ие болу үшін барын салып қимылдайды.


МЕРГЕН

Мергендер біреуге бірдеңе үйретуді, жол нұсқауды және биіктен көрінуді жақсы көреді. Кеңес беру, тәжірибе алмасу немесе шеберлік сабағын өткізу сынды ұсыныстардан бас тарта алмайды. Бұл оларды ынталандыратын керемет мотивация болады.


ТАУЕШКІ

Тауешкілер үшін мотивацияның негізгі кілті – мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу, сондай-ақ мансапты орындау. Бұл белгі өкілдері әдетте басшылық лауазымдарға ұмтылады, ережелерге сай өмір сүруге тырысады. Сондықтан өмірді жақсы ұйымдастыруға деген қажеттілік оларды ынталандырады.


СУҚҰЙҒЫШ

Суқұйғыштарды эксперименттер мен өнертабыстар, техникалық жаңалықтар, прогресс пен жаңару, сондай-ақ достар мен пікірлестер, ұжымдық іс-шаралар, қоғамдық және қоғамдық іс-шаралар ынталандырады. Кейде ойға сыймайтын немесе әдеттен тыс нәрсені ұсыну жеткілікті, соның өзінен көздері бірден «жарқырайды».


БАЛЫҚТАР

Балықтарға мотивация беру үшін құпиялар мен жұмбақтар жақсы жұмыс істейді. Егер шындықтың бір бөлігін ашып, қалғанын жұмбақ қылып қалдырсаңыз, толық анықтағанша тынышталмайды.

Аударған: А. БЕКТҰРҒАНОВА,

ERNUR.KZ