​2024 – МОЛШЫЛЫҚ пен ЖЕТІСТІК жылы

0
3 858

Сегізінші жылдың қиындықтары мен жауапкершілік жүктейтін кезі де жоқ емес.


​2024 – МОЛШЫЛЫҚ пен ЖЕТІСТІК жылы

Нумерология бойынша әрбір жыл өзінің жеке санымен сипатталады. Дәл осы сан аясында жылдың энергиясы жасырынып жатыр.


2024 жылдың жыл саны – 8 (2+0+2+4=8). Бұл санның көмегімен нені болжауға, не ұғуға болады?

8 саны – шексіздіктің, молшылықтың, басқарушылық пен жетістіктің символы.


Молшылық пен береке

Қаржылық мүмкіндіктер мен әл-ауқаттың арту мүмкіндігі басымырақ. Қажырлы еңбек етіп, ақылды қаржылық шешімдер қабылдай алсаң, ешқандай сәтсіздікпен соқтығыспай, айтарлықтай табыс әкелетін жыл.


Көшбасшылық және билік

8 саны көшбасшылық қасиеттермен және жауапкершілікті қабылдау қабілетімен байланысты. Ол адамдарды көшбасшылық позицияларды алуға және өмірді жақсы жаққа өзгертуге тырысуға ынталандырады. Осыған қарап 2024 жылдан мансапта өрлеу және көп жетістіктер күтуге болады.



Карма және тепе-теңдік

Карма ұғымы 8 санымен тығыз байланысты. Ол біздің әрбір әрекетімізге сай қайтарым болатынын еске салады. Оң әрекеттер үшін жақсы жауап, сый алуыңыз мүмкін екенін, теріс әрекеттер үшін жаман салдармен бетпе-бет келетініңізді жыл бойы жадыңыздан шығармаған абзал. Барынша позитивті карма туындатуға тырысыңыз. Барлық жерде балансты, гармонияны сақтауға күш салыңыз.


Амбициялар мен жетістіктер

8 санының энергиясы біздің амбиция мен мақсаттарға жетуге талпынысымызды арттырады. Сондықтан осы жыл – алдымызға биік мақсаттар қойып, соған жету жолында аянбай тер төгетін кез.


Проблемалар мен жауапкершіліктер

Сегізінші жыл жаңа мүмкіндіктер, молшылық, жетістік әкелуімен қатар, қиындықтары мен жауапкершілік жүктейтін кезі де жоқ емес. Сондықтан ресурстарыңызды ақылмен жұмсап, шамадан тыс жүктемені болдырмау да назарыңыздан тыс қалмасын.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

2024 ЖЫЛ: Ұлу жылы бізге не дайындап тұр?