ОСЫЛАЙ ЖАСАСАҢЫЗ салқында көкөністер тез піседі

0
627

Күзгі салқын ерте басталып, бау-бақшадағы көкөністер пісіп үлгеремей қалды ма?


ОСЫЛАЙ ЖАСАСАҢЫЗ салқында көкөністер тез піседі

Күз – көкөністердің толық пісіп жетілетін уақыты. Дегенмен кейде күзгі салқын ерте басталып, бау-бақшадағы көкөністер пісіп үлгермей қалып жатады. Ондай кезде піспеген көкөністерді не істеуге болады? Еңбегіңіз еш кетіп, өнімсіз қалмас үшін кейбір тәсілдерді біле жүріңіз.


Қызанақ тез қызару үшін

  • Марганец ерітіндісін ашық түсті етіп дайындап, 2-3 күн қатарынан құйып тұрыңыз.
  • Қызанақ жапырақтарында дақтар (фитофтороз) пайда бола бастаса, онда өсімдікті тамырымен алып, жылы бөлмеге басын төмен қарата іліп қойыңыз. Сабағы мен жапырақтағы қоректік заттардың әсерінен тез қызарады.
  • Қызанақтың жапырақтарына йод ерітіндісін (10 литр жылы суға 30-35 тамшы) бүрку қажет. 10 литр суға 20 тамшы йод пен 1 литр айранның сарысуын араластырып, аптасына бір рет қызанақтың түбіне құю керек. Әр түпке шамамен 2 литр қажет болады.
  • Кішірек ағашты үшкірлеп, әр түптің жанынан 2-3 мм болатын 2-3 шұңқыр жасау керек. Жеміс тез піседі, бірақ мұндай өнім ұзақ сақтауға шыдамайды.
  • Бананның қабығын полиэтилен қалтаға салып, піспей тұрған түйнектердің сабағына байлап қойыңыз. 2-3 күннен соң қалтаны шешіп тастау керек.
  • Суғаруды және минералды тыңайтқыш беруді қысқартқан дұрыс.
  • Жылыжайдағы қызанақтар тез пісу үшін бір тәулік есігін ашпай, жауып қою қажет. Бір тәуліктен кейін ішін бір желдетіп алған дұрыс.
  • Қызанақ бұтасын өзіңізге тартып, тамыры шамалы топыраққа шығып тұратындай етіңіз. Мұндайда өсімдік бар қоректі жемісіне береді.
  • Қызанақ бұтасындағы ұсақ, енді пайда болған түйнектерді алып тастаңыз. Ол бәрібір үлкейіп үлгермейді.
  • Егер ауа-райы тым салқын болып кетсе, түнге қарай өсімдіктің бетін пленкамен жауып қойыңыз.
  • Егер түнде температура 10 градустан төмендеп кетсе, піспеген өнімдерді сабағымен жинап алыңыз. Сөйтіп үй жағдайында қызартып алуға болады.


Бұрыш пен баялды жылдам пісіріп алу жолдары

  • Өсімдік тамыры үнемі демалып тұру үшін топырағын 5-7 см тереңдікте жиі-жиі қопсытып тұру керек.
  • Өсімдіктің сабағына, жерден 15 см жоғары жағынан 7-8 см тілік жасаңыз. Тілік жасайтын пышақ өткір болғаны дұрыс. Сол тілікке қалыңдығы 4-5 мм ағаш жаңқасын қыстырыңыз. Осылай еткен жағдайда өсімдік бар қорегін жапырағына емес, жемісіне жұмсайды.
  • Қажетті көлемде өскен өнімдерді жинап, піскенге дейін жылы жерге қоюға болады.


Картоп жылдам пісіп жетілу үшін

Өнімді жинап алатын уақытты шамалаған кезден 15 күн бұрын картоп түбіне тотияйынның (медный купорос) 2 пайыздық ерітіндісін бүркіп шығу керек. Сондай-ақ суперфосфат тұнбасын (2кг тыңайтқышты 10л сумен араластырып, 2 күн тұндырып қою қажет) құйған дұрыс.


Асқабақ пен қауын

Жас өскіндердің бас жағын кесіп тастаңыз және гүлдерді де алып тастаған жөн. Асқабақ пен қауын қажетті көлемге жеткен кезде әр жемістің жанында 5-6 жапырақ қалдырып қалғанын жұлып тастау керек. Сондай-ақ жеміске күн түсірмей тұрған жапырақтарды да алып тастаңыз.


Қиярдың пісуін жеделдету

Қияр сабағын іліп қойған жерінен түсіріп, түп жағындағы жапырақтарды жұлып тастаңыз. Жапырағынан айрылған сабақты топырақпен көміңіз. Шамалы уақыттан кейін жаңа тамыр пайда болады. Олар өнімге қосымша қорек береді.


Аққауданды қырыққабат

Ерте пісетін сұрыпты қырыққабат тез түйнектеп пісу үшін, жапырақтарын жоғары көтеріп, белінен буып қойыңыз. Бұл тәсіл жапырақтағы қоректік заттардың өнімге баруына көмектеседі.


Пияз

  • Кеуіп тұрған пияз тез піседі және шірімейді. Сондықтан піседі-ау деген уақыттан шамамен 10-14 күн алдын суғаруды тоқтатыңыз. Жаңбырлы маусымда жүйекті полиэтиленді кленкамен жауып қойыңыз.

  • Пияз түйнегі жартылай топырақ бетіне шығып тұратындай етіп тартып қойыңыз. Пиязға топыраққа қарағанда жердің бетінде жылы болады. Сондықтан тез піседі.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Қыс мезігіліне МЫНА ТАҒАМДЫ сақтауға БОЛМАЙДЫ