Түркістанның әкімі көпқабатты тұрғынүйлер аумағына жеміс ағашын отырғызуды тапсырды

0
462

Шымкент шаhарынан кіре-беріс аумақта арт нысан салынуда.


Түркістанның әкімі көпқабатты тұрғынүйлер аумағына жеміс ағашын отырғызуды тапсырды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қалада құрылысы жүріп жатқан нысандар мен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысын көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласына Шымкент шаhарынан кіре-беріс аумақта қазірде арт нысан салынуда. Мұндағы монумент шежірелі Түркістанның тарихынан сыр шертеді. Аталған құрылыс алаңында 40-тан аса жұмысшы мен 10-ға жуық техника жұмыс істеуде. Түркістан автовокзалы алдында абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан нысанды қала әкімі жуық арада аяқтап, ұңғыма қазып, суару жүйесін орнатуды тапсырды.

Одан өзге, бірнеше күн алдын көпқабатты үйлер аумағындағы абаттандыру жұмыстары бойынша мердігер мекемелерге айтқан тапсырмаларының орындалу барысын көрді. Мердігер мекеменің суару жүйесін ауыстырып, жан-жағына болашақта көлеңке сыйлар шие, өрік сынды жеміс ағаштарын отырғызуды тапсырды. Ал, қалалық саябақтағы (Дендросаябақ) жұмыстың баяулығын және жұмысшы санының аздығын қатаң сынға алып, жан-жағына жасыл желекке айналып жатқан аумақтың суару жүйесін автоматтандыру қажеттігін айтты.