Түркістандық шаруа күн сәулесінен энергия алып отыр

0
1 008

Оған қоса әкімдік берген генераторды пайдаланады.


Түркістандық шаруа күн сәулесінен энергия алып отыр

Келестік кәсіпкерге күннен энергия алатын құрылғы орнатып берген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі өнертабыс қарыштап дамыған заманда жаңа технологиялардың игілігін ауылдағы шаруалар да көріп жатыр. Солардың бірі – Түркістан облысы Келес ауданы Бозай округіне қарасты «Раяна» шаруа қожалығының төрағасы Якубов Ниязбек. Өзінің шаруа қожалығында 500-ден астам асыл тұқымды қисары қойым бағатын шаруаның ауылдан шалғай жерде орналасқан жер теліміне әлі электр энергиясы тартылмағанын ескерген жергілікті әкімдік күн сәулесінен энергия алатын құралды орнатып беруге мұрындық болған. Нақтырақ айтсақ, бүл жұмыс 2020 жылдың 17 мамырында «Нур-Бур Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан орындалған.

«Биыл менің шаруа қожалығыма күн сәулесінен энергия алатын құрал орнатып берді. Ол сағатына 3000 Вт энергия жинай алады. Қазір жарығымыз күндіз түні жанып тұр. Электр энергиясынан мәселе туындамайды. Егер күн бұлттанып кетсе, әкімдік тарапынан берілген қуаты 6000 Вт-тық генераторды пайдаланамыз» - дейді Ниязбек Якубов.

Сондай-ақ, жыл сайын 200 төлді сатылымға шығарып, жем-шөп секілді қажеттіліктерге кететін шығынын өз малымен өтеп отыр.