Түркістандық өнімдер Алматыдағы сауда орталықтарында сатылады

0
599

Магнум, Той Маркет, SMALL сауда үйлерінің өкілдері шаруалармен кездесті.


Түркістандық өнімдер Алматыдағы сауда орталықтарында сатылады

Келес өнімдері Алматының ірі сауда үйлерінде саудаланбақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қиқымов Мақсат Сәкенұлы Келес ауданына келіп, ауданның ауылшаруашылығы өнімдерін Алматы қаласының базарларында саудалауға кәсіпкерлермен келіссөз жүргізді. Келіссөз жүргізуге Алматы қаласының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Дамир Тазабек, СПК Алматы кәсіпорнының директоры Азиз Турғанов, Магнум, Той Маркет, SMALL сауда үйлерінің өкілдері келіп, Келес ауданының шаруаларымен кездесті.


Кездесу барысында сауда үйлерінің өкілдері Келес өңірінің өнімдерін Алматы қаласына жеткізу бойынша келіссөздер жасауға дайын екенін жеткізіп, ниет білдірген шаруалардың тізімін алып, алдағы уақытта әр кәсіпорынның өкілдері заңды келісімшартқа отыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін айтты.


Аталған кездесуге Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев қатысып, климаты ыңғайлы Келес өңірінің өнімдері еліміздің және ТМД елдеріне экспортталып жатқанын, бұл кездесу дихандарға қосымша серіпіліс беретінін жеткізді.