Түркістандық оқушылар робот құрастырудан бірінші орынға ие болды

0
656

"TeenLights" командасы "Дарын" мектеп-интернатының оқушыларынан құрылған.


Түркістандық оқушылар робот құрастырудан бірінші орынға ие болды

Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде республикалық робот фестивалі өтті. Білімділер сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернатының оқушыларынан құралған "TeenLights" командасы Robot Design бағыты бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.


Дарынды оқушылар Астана қаласында өтетін "First Kazakhstan - 2023" робот құрастырушылар сайысына жолдама алды. Мұнда жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық сындарға қатысады.


Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларынан құралған "Teen Lights" командасын сайысқа білікті жетекші Сәкен Далмырзаев бастап барды.