Түркістандық боксшылар ТМД ойындарынан үш медаль еншіледі

0
543

60 келі салмақта сынға түскен аруымыз жеңімпаз атанды.


Түркістандық боксшылар ТМД ойындарынан үш медаль еншіледі

Түркістандық спортшылар ТМД ойындарының жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ресейдің Қазан қаласында ТМД елдерінің 1-ойындары аяқталды. Ақтық сынға шыққан 6 былғары қолғап шеберіміздің төртеуі өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ. Жалпы бұл жарыста 26 салмақта (13-і ұлдар, 13-і қыздар арасында) жүлде жиынтығы сарапқа салында десек, боксшыларымыз соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).


Бокстан өткен жекпе-жекте еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының бұрымды боксшылары 60 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сəрсенбек жеңімпаз атанса, 46 келіде рингте жұдырықтасқан жерлесіміз Дельфина Əбілхан қола жүлдегер атанды. Ал, ұлдар арасында рингте өнер көрсеткен 52 келідегі Нұрислам Қалдыбаев қола жүлдені қанағат тұтты.