Түркістандағы кесене әлемдік ТОП-100 мистикалық орындар қатарына енді

0
556

Оның таңғажайып 100 жерді сипаттайтын жаңа кітабы саяхатшылар мен жұмбақ іздеушілер үшін шабыт көзі болып отыр.


Түркістандағы кесене әлемдік ТОП-100 мистикалық орындар қатарына енді

Қазақстандық кесене әлемдік ТОП-100 мистикалық орындар қатарына енді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Испанияның ең танымал газеттерінің бірі саналатын «El País» газетінде американдық фотограф Мартин Грейдің әлемдік мистикалық жерлерді іздеудегі 40 жылдық саяхатына негізделген «Secret Sacred Sites» кітабы туралы мақала жарық көрді. Оның таңғажайып 100 жерді сипаттайтын жаңа кітабы саяхатшылар мен жұмбақ іздеушілер үшін шабыт көзі болып отыр.


М.Грэй ұсынған орындардың ішінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ерекше орын алады. 2008 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қазақстаннан бірінші болып енген бұл кесене киелі өнер мен руханияттың символы деп бағалануда.


«1389 жылы Темірлан салдырған кесене 12 ғасырдағы бұрынғы кесененің орнын толтыруға арналған аяқталмаған ғимарат. Бұл орын Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келетін діндарлар үшін әйгілі түркі ақыны және сопы мистигінің мұрасын зерттеу үшін зиярат орталығына айналған. Менің кітабым нұсқаулық емес, керісінше киелі жерлерді іздейтіндерге шабыт көзі деп бағалаймын. Саяхатшыларға алдымен елді таңдап, сосын кітаптан зиярат ететін киелі жерлерді іздеуге кеңес беремін», - Мартин Грей.


«El País» газетінде жарық көрген мақала мен Мартин Грейдің кітабы біздің жаһандық мәдени мұраларымыз тек өткенді ғана еске салмай, бізді шабыттандыратын теңдесіз қайнаркөз екенін еске салады. Грейдің айтуынша, біздің ортақ мәдени және рухани мұрамызды түсінудің кілті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты жерлерде жатыр. Бұл әрбір саяхатшы өзінің бір бөлігін таба алатын тыныштық пен рефлексия оазисі екені сөзсіз.