Түркістанда мүгедектігі бар 53 бала оңалту бағдарламасымен қамтылды

0
483

3146 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.


Түркістанда мүгедектігі бар 53 бала оңалту бағдарламасымен қамтылды

Түркістан қаласында жыл басынан бері мүгедектігі бар 53 бала оңалту бағдарламасымен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғау бірнеше бағытта атқарылып келеді. Нақтырақ айтар болсақ, еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер мен техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету жолға қойылған.


Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері 3146 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде 2263 отбасы көмекті шартты түрде алса, 883 отбасыға шартсыз атаулы көмек үлестірілген.


Одан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға да әлеуметтік қолдау жүйелі көрсетілуде. Атап айтқанда, 4279 адам оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтылды. Бұл биылғы жоспардың 80,4 пайызын құрайды.


Оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтуда 5326 адам өтініш білдіріп, оның 4279-ы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ үйде әлеуметтік көмек көрсету бағытындағы жасалған жұмыстар да жетерлік. Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 53 мүгедектігі бар бала кешенді қызметтермен қамтылды.