Түркістанда кіші футболдан турнир өтті

0
571

Турнирге қызметкерлерден құралған командалар қатысып, тартысты ойын көрсетті.


Түркістанда кіші футболдан турнир өтті

Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Түркістан облысы бойынша аудан, қала «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтті.


Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған турнирге орталық қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, тартысты ойын көрсетті.


Ақтық ойынды арнайы келіп тамашалаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы турнир жеңімпаздарын құттықтап, марапаттарын табыстады. Доп додасында l-орынды Сарыағаш ауданына, II-орын Бәйдібек ауданына, III-орын Мақтаарал ауданына бұйырды. Сондай-ақ, Лесбек Әділбек (Сарыағаш ауданы) – үздік қақпашы, Төлебай Нұртас (Бәйдібек ауданы) – үздік қорғаушы, Кенжетаев Дүйсенғали (Мақтаарал ауданы) – үздік шабуылшы номинацияларына ие болды.