Түркістанда грэпплингтен халықаралық турнир басталды

0
938

Сайысқа 500-ге жуық спортшы қатысуда.


Түркістанда грэпплингтен халықаралық турнир басталды

Түркістан қаласындағы Olympic Center кешенінде жыл сайынғы халықаралық "Түркі әлемі" ашық турнирі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Алматы қалалық грэпплинг федерациясы" ұйымдастырған сайыстың өтуіне Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық спорт басқармасы және «Turkistan Qol Oner Одағы» бірлестігі қолдау көрсетті. Яғни, екі күн бойы өтетін сайысқа қатысушылар мен көрермендер түркістандық қолөнершілердің бұйымдары қойылған көрмені де тамашалайтын болады.

Айта кетсек, грэпплингтен өтіп жатқан сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресей елдерінен 500-ге жуық спортшы қатысуда. Олардың 400-ге жуығы 4-17 жас аралығындағы жасөспірімдер болса, 30-ы балалар үйінің тәрбиеленушілері.