Түркістанда Чернобыль апаты ардагерлерінің конференциясы өтеді

0
545

Шешімін таппаған мәселе көп.


Түркістанда Чернобыль апаты ардагерлерінің конференциясы өтеді

Мақтааралдағы өзекті мәселелер "Парасат" пікірталас клубында талқыланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 19-ақпан күні Түркістан қаласындағы Чернобыль апаты ардагерлерінің республикалық конференциясы өтеді. «Қоғамның қуатты күші – бірлікте» тақырыбындағы алқалы басқосу облыс орталығында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін мұндай ауқымды жиын 2003 жылы Шымкент қаласында өткізілген. Бұл жөнінде Республикалық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Бақытжан Әшірбаев брифингте мәлімдеді.


«Маңызды шара «Фараб» кітапханасында өтпек. Іс-шараның мақсаты – ел бірлігін бекемдеуге, қоғамдық келісім мен татулықты нығайтуға үлес қосу. Жоспарға сай конференцияға қатысушылар түркістандық жастармен елдік пен бірлікті нығайту бағытында пікір алмасып, «Керуен Сарай» көпфункционалды кешеніне экскурсия ұйымдастырылатын болады», - деді Бақытжан Шәкірұлы.


Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Хұсайын Мустафаның айтуынша, конференцияның күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланады. Оның негізгісінің бірі - «Республикалық Чернобыль ардагерлерінің Орталық кеңесі» бірлестігін қалыптастыру. Сонымен қатар, орталық кеңес бірлестігінің жарғысы, мүшелері мен төрағасы бекітіледі.


Баспасөз мәслихатында Чернобыль апаты жайлы тарқатып айтқан Маңғыстау облыстық «Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Юрий Израилевич және спикерлер БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, ардагерлер Чернобыль апаты қатысушыларына арналған тудың мән-мағынасын түсіндіріп, арнайы таныстырлым жасалды.