ТҮРКІСТАН: Жетісайда браконьерлер құрықталды

0
521

40 келі сазан, 4,2 келі дөңмаңдай, 0,5 келі көксерке балықтары тәркіленді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда браконьерлер құрықталды

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары заңсыз балық аулаумен айналысқан Үтіртөбе ауылының тұрғындарын құрықтады.


Нақтырақ айтсақ, 4 сәуір күні Жетісай АПБ инспекторлары мен «Охотзоопром» қызметкерлері қатысуымен жүргізілген іс-шара барысында Жетісай ауданы, Үтіртөбе ауылының түрғындары заңсыз балық ауламақ болғандары анықталды. Нәтижесінде брокеньерлерден 40 келі сазан, 4,2 келі дөңмаңдай, 0,5 келі көксерке балықтары және моноталшықтан жасалған полиамид-полимерлі қытай ау торлары табылды.


Аталған дерек Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.