ТҮРКІСТАН: Жас депутаттар мен жас әкімдердің қатысуымен кездесу өтті

0
688

2,5%-дық жеңілдетілген несиенің берілуі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.


ТҮРКІСТАН: Жас депутаттар мен жас әкімдердің қатысуымен кездесу өтті

Түркістан облысында «Ел ертеңі жастарда» атты өңірдегі жас депутаттар мен әкімдердің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің ұйымдастыруымен 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай, «Ел ертеңі жастарда» атты өңірдегі жас депутаттар мен әкімдердің қатысуымен кездесу өтті. Басқосу - билік пен белсенді жастар арасында байланысты нығайту, өңірдегі жастар саясатының дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс насихатталуы мен "Жастар кадрлық резервін" жобасын жасау мақсатында ұйымдастырылған.


Жиында облыстық жастар орталығының басшысы Ернар Бектаев облыстағы жастар саясатының дамуы мен жастар орталықтарының атқарған жұмыстары жайлы баяндады. Аудан-қалалардағы мемлекеттік бағдарламалардың насихатталуы, өз кәсібін ашқысы келетін жастарға 2,5%-дық жеңілдетілген несиенің берілуі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.


Қазіргі таңда облыста 50 жас депутат пен 20 жас әкім бар. Мұның өзі мемлекет тарапынан жастарға жасалған үлкен қолдау деп санауға болады. Кездесу барысында депутаттар елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен жастарды қолдау үшін мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы пікір алмасты.