ТҮРКІСТАН: Жаңбыр суын сору жұмыстары әлі жүріп жатыр

0
906

8,3 шақырым канал қазылып, ұзындығы 96 шақырым болатын 32 канал тазартылды.


ТҮРКІСТАН: Жаңбыр суын сору жұмыстары әлі жүріп жатыр

Түркістан облысында жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылғы 11-18 наурыз аралығында Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарында көшелерді, аула аумақтарын жаңбыр суы басып, жер асты суларының көтерілуі орын алуда. Осыған орай Түркістан облысы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылған.


Үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасуда. Суды бұру үшін ұзындығы 8,3 шақырым канал қазылып, ұзындығы 96 шақырым болатын 32 канал және ұзындығы 241 шақырым 121 коллектор тазартылды.


Бүгінгі күнге дейін 284 аула аумағынан жалпы 62 886 текше метр су сорылған. Бұл жұмыстарға 170 қызметкер, 60 мотопомпа және 44 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖ департаментінің жеке құрамынан 66 қызметкер, 39 мотопомпа мен 11 техника және жергілікті атқарушы органнан 104 жұмысшы, 21 мотопомпа мен 33 техника қарастырылған.