ТҮРКІСТАН: Түркиялық компания электр жабдықтарын өндіретін зауыт салады

0
273

Инвесторлар өңірімізге жасаған сапарында облыстың инвестициялық әлеуетінің жоғары екендігіне көз жеткізе отырып, Түркістан қаласында зауыт ашуды жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Түркиялық компания электр жабдықтарын өндіретін зауыт салады

Түркістанда түркиялық компания электр жабдықтарын өндіретін зауыт салмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркиялық «EAE Elektrik» компаниясы өнімдерін 120 елге экспорттайтын өндіріс орны. Түрік кәсіпкерлері ендігі кезекте Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатуға ниетті. Инвесторлар өңірімізге жасаған сапарында облыстың инвестициялық әлеуетінің жоғары екендігіне көз жеткізе отырып, Түркістан қаласында зауыт ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта компанияның Халықаралық жобалар және сату жөніндегі директоры Ердоған Димерел Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевпен жүздесті.


«Кәсіпкерлер палатасы - отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келе жатқан орталық. Жобаларды сүйемелдеу мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау - басты бағытымыз. Сіздің ұсынып отырған жобаңыз өте ауқымды. Әрине шетелдік инвесторлармен де бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз», - деді Асылан Сейілбекұлы.


Шетелдік кәсіпкерлер энергетика саласын отандық кәсіпкерлермен бірге игеруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда облыста түрік кәсіпкерлерінің мұрындық болуымен 50 жоба жүзеге асуда.