ТҮРКІСТАН: Түлкісбаста ауызсу және сусындар өндіретін кәсіпорын ашылады

0
806

Жобаның жалпы құны - 7 600 млн теңге.


ТҮРКІСТАН: Түлкісбаста ауызсу және сусындар өндіретін кәсіпорын ашылады

Сенат депутаттары Түлкісбастағы құрылыс нысанына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев және аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов Түлкібас ауданындағы Күмісбастау ауылындағы құрылысы жүріп жатқан «Beibars Botters» ЖШС-не барып, жұмыс барысымен танысты.


«MАСТЕР-А» ЖШС мердігерлік ететін бұл кәсіпкерлік нысан ауыз су және көптеген хош иістері бар алкогольсіз сусындарды өндіруді көздейді. Жобаның жалпы құны - 7 600 млн теңге.


Аталған өндіріс ошағы жылына 65-85 мың тонна өнім өндіріп, алғашқы кезеңде 96 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарланған. Өткен жылдың шілде айында басталған «Beibars bottlers» жобасының құрылысы 2024 жылдың наурыз айына дейін аяқталады деп көзделіп отыр.


Кездесу барысында депутаттар бұл жобаның сәтті іске асып, өсіп-өркендеуіне сенім білдіріп, аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы мен кәсіпкерлік нысан басшылығына ел үшін атқарып жатқан еңбектері үшін алғыстарын айтты.