ТҮРКІСТАН: Төлебидегі ауылдарға ауызсу мен табиғи газ тартылып жатыр

0
379

Жуырда 300-ден астам абонентке ауызсу беріледі.


ТҮРКІСТАН: Төлебидегі ауылдарға ауызсу мен табиғи газ тартылып жатыр

Төлеби ауданында инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселесімен қабылдауда айтылған ауызсу мәселесіне байланысты құрылысы жүріп жатқан бірнеше нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.


Атап өтсек, бүгінде аудандағы Аққұм ауылдық округіндегі 5 көшеге ауыз су жеткізу үшін Нысанбек елді мекеніндегі ескі су жүйесін пайдалану мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда тау баурайында орналасқан Нысанбек ауылын жаңа су жүйесіне қосу мақсатында 22 шақырымды құрайтын су құбыры тартылып, 300 куб метрді құрайтын резервуар орнатылған. Бұған қоса, жобаға енбей қалған 10 үйге ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны аяқтау бойынша мердігер мекемемен келіссөз жүргізіліп, шілде айында 170 абонент таза ауызсумен қамтылады деп жоспарланып отыр. Жалпы, Нысанбек елдімекеніндегі ауызсу құрылысы аяқталуға жақын. Аудан басшысы құрылыс нысанының басында мердігер мекеме басшысымен кездесіп, ауызсу жеткізу ісін бекітілген кестеге сәйкес аяқтауды және оның сапасына көңіл бөлуді тапсырды.


Содан соң, Керегетас елді мекеніне арнайы барып, су жинақтауға арналған қондырғы және қойма орналасқан аумақтың жай-күйімен танысты. Қазіргі кезде Керегетас елдімекеніне 27 шақырым су құбыры жүргізіліп, сыйымдылығы 300 куб метрді құрайтын су қоймасы орнатылған. Су қоймасының маңайын абаттандыру ісі аяқталғаннан кейін 158 абонент ауызсуға қосылады деп жоспарланып отыр.


Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы резевуар орналасқан аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын дер кезінде аяқтауды, абоненттерге су жеткізуді дұрыс ұйымдастыруды тапсырып, құрылыс жұмыстарының сапасын өз бақылауында ұстайтынын айтты.


Сондай-ақ, Қасқасу ауылдық округіне газ құбырын жүргізіп отырған мердігер мекеме «Azia RS» ЖШС өкілдеріне жолығып, құрылыс жұмыстарының барысына көңіл бөліп, тұрғындарға табиғи газ кестеге сай берілуі қажеттігін тапсырды.