ТҮРКІСТАН: Төлебиде жасөспірімге қатысты жыныстық құқықбұзушылық тіркелді

0
198

Жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жасөспірімге қатысты жыныстық құқықбұзушылық тіркелді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.


«Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады департамент.