«Түркістан таланттары» жобасы Қазығұрт ауданында жалғасты

0
620

Тағылымды шара барысында қонақтарға арнайы жасақталған «Қаламгер құдіреті» кітап көрмесі таныстырылды.


«Түркістан таланттары» жобасы Қазығұрт ауданында жалғасты

Қазығұрт ауданында «Түркістан таланттары» жобасы аясында кездесу кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазығұрт ауданында «Түркістан таланттары» жобасы аясында өлкемізге белгілі ақындар Абай Қалшабек, Бекмұрат Анарбаев және Асан Үсіппен кездесу кеші өтті.


Әдеби кеште Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов құттықтау сөз сөйлеп, кеш кейіпкерлеріне алғыс хат табыстады. Модераторлық еткен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым.


Тағылымды шара барысында қонақтарға арнайы жасақталған «Қаламгер құдіреті» кітап көрмесі таныстырылды. Ақындар өз шығамаларынан өлең оқып, жиналған көрерменге ұлағатты әңгімелерін айтып, көпшілік ықыласына бөленді. Кездесуге жиналған халық ақын ұлдарына сұрақ қойып, пікірлерін ортаға салды. Кеш соңында «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Анарбай Омаров сөз сөйлеп, аудан әкіміне сый-құрмет көрсетті.


Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігі, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен жолға қойылған бұл жоба бұған дейін бірнеше аудан, қалаларда өткізілді. Өткен аптада Жетісай және Мақтаарал ауданында Дәурен Айманбет, Мұқағали Кенжетайұлы, Бауыржан Ерман, Нұрғали Сердалиев және Сүндет Сейітовпен кездесу өткен болатын.