ТҮРКІСТАН: «Сырдария» шекара бөлімшесі ауызсумен қамтылды

0
833

Ауызсуды отыз шақырым жерден тасып ішкен.


ТҮРКІСТАН: «Сырдария» шекара бөлімшесі ауызсумен қамтылды

Ордабасылық тұрғындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Мақтарал ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Сырдария» шекара бөлімшесіне ауыз су берілді. Бұл аталмыш жұмыс Түркістан облысы әкімдігі мен ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті нысандарының инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жол картасының негізінде іске асырылған.


Жобаның басты мақсаты – қазақ-өзбек шекарасында орналасқан шекара бөлімшелерін ауыз сумен қамтамасыз ету. Осы уақытқа дейін «Сырдария» шекара бөлімшесінің жеке құрамы ауыз суды отыз шақырым жерден тасымалдау арқылы қолданатын.


Жетісай ауданы әкімдігі мен «Alacom» ЖШС мен жасалған келісімшарт негізінде аталмыш шекара бөлімшесінің су құбырлары мен су мұнарасы толықтай жаңартылып, ауыз су көршілес Алмалы елдімекенінен жалғанды.


Аталған іс-шараға Мақталы ауылдық округінің мәслихат депутаты Көбейбек Әлиев, Жетісай ауданы тұрғын үй коммуналдық бөлімінің бастығы Мырзабек Әбішев, Мақталы ауылдық округі әкімінің орынбасары Серік Молдабектер мен ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғалары қатысты. Шара барысында ауыз су алабының алқызыл лентасы салтанатты түрде кесіліп, шекара бөлімшесінің жеке құрамы тұщы суды қолдануды бастап та кетті.