ТҮРКІСТАН: Сауранда тері өңдейтін кәсіпорынның қазығы қағылды

0
546

Аудан орталығында салынатын кәсіпорынның жоба құны – 1 млрд теңге.


ТҮРКІСТАН: Сауранда тері өңдейтін кәсіпорынның қазығы қағылды

Сауран ауданында жылына 100 мың дана тері өңдейтін кәсіпорынның қазығы қағылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданында Абдукамал Матмұсаевтың бастамасымен «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынның қазығы қағылды. Аудан құрылғаннан бері осы бағытта жұмыс жанданып келеді.


Аудан орталығында салынатын кәсіпорынның жоба құны – 1 млрд теңге. Ол 30 гектар жерге орналасқан. Жоба қуаттылығы – жылына 100 мың дана тері өңдеу. 50 адам жұмыспен қамтылады. Аталған нысан күз айында пайдалануға беріледі.


Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді. Сонымен бірге ЖК «Жандос» тері өңдеу кәсіпорынының басшысы Абдукамал Матмұсаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов сөз сөйлеп, ауданның дамуына кәсіпорынның алар орны ерекше екенін айтып, жастар жұмыспен қамтылатынын жеткізді.