ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кәріз мәселесі бойынша анықтау-зерделеу жұмыстары жүргізілді

0
384

Өзекті мәселені шешу жолдары қарастырылды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кәріз мәселесі бойынша анықтау-зерделеу жұмыстары жүргізілді

Сарыағаш қаласының аумағындағы кәріз мәселесі бойынша қайта анықтау-зерделеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімі» РММ басшысы А. Болатов, қала әкімі, орталық аудандық аурухана басшысының орынбасары және ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысыларынан ұйымдастырылған жұмысшы топпен Сарыағаш қаласының аумағындағы кәріз мәселесі бойынша қайта анықтау-зерделеу жұмыстары жүргізілді.


Аудан басшысы алдыңғы анықтау-зерделеу жұмыстарының қорытындысымен берілген тапсырмаларды талдай келе, шұғыл түрде жұмыс атқаруды тапсырды,атап айтқанда:


-«Сарыағаш Тұрмыс» мекемесіне 14 көпқабатты тұрғын үйлерден шыққан сарқынды суларды арнайы техникалармен тазалап, орталықтандырылған кәріз жүйесінен ажыратуды;

- орталық аудандық аурухана, «Азия Мед» жеке клиникасына «Зерде» дәріханасына шығарып жатқан сарқынды суларын арнайы техникамен тазалап отыруды;

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2020 әскери бөліміне» РММ кәріз жүйесінде орын алған ақауларды ретке келтіруді;

-Сарыағаш қаласы әкім аппаратына «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінің» авариялық қызметінің ақауларын ретке келтіру барысында әлеуметтік және жеке ғимараттардың аумағында кәріздік жүйеге жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды жүктеді.


Нәтижесінде, аудан әкімі Арман Абдуллаев ендігі кезде сарқынды су мәселесі қала тұрғындарының қалыпты өмір сүруіне кедергі келтірмеуі бойынша тапсырмаларды шұғыл және сапалы атқаруды, сонымен қатар, қатаң бақылауында болатынын тиісті мекеме басшыларына ескертті.