ТҮРКІСТАН: Сайрамда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

0
1 329

108 азамат жұмысқа орналасуға жолдама алды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Сайрам ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында «Еңбек күні» мерекесіне орай Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 96 мекемеден 726 бос жұмыс орны, бұдан бөлек 35 жасқа дейінгі азаматтарға жастар практикасы бойынша құрылған 539 уақытша жұмыс орны ұсынылды. Іс-шараға 240-қа жуық азамат қатысып, әртүрлі сала бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Соның ішінде 108 азамат жұмысқа орналасуға жолдама алды.


Жәрмеңкеге қатысқан «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының хатшысы Қуаныш Сыздықов облыстық маслихатының депутаттары Нұржан Жамалбеков мен Сайдирасулхан Ералиев өткізіліп жатқан жәрмеңкемен танысып, келген азаматтарға мұндай мүмкіндіктерді құр жібермеуге, шараға белсенді түрде қатысуға шақырды.


Айта кетейік, бос жұмыс орындарының ішінде білім мен кәсіпкерлік саласына сұраныс көп.