ТҮРКІСТАН: Отырарда шаруалар баламалы энергия көзіне өтіп жатыр

0
1 178

Елімізде өндіріліп жатқан шағын баламалы электр құрылғысының құны шамамен 3 млн теңгенің төңірегінде.


ТҮРКІСТАН: Отырарда шаруалар баламалы энергия көзіне өтіп жатыр

Отырар ауданы, Шілік ауыл округіндегінде Әліп Қылышбаевтың шаруа қожалығында «Таза ауа» ЖШС-ның желден қуат алатын шағын электр станциясы жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш шараға ауыл әкімдері, шаруа қожалығының басшылары, кәсіпкерлер және аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.

Көпшілікке баламалы энергия көзін өндіретін құрылғы жөнінде сөз еткен «Таза ауа» ЖШС-ның өкілдері тың жобаның күніне желдің қуатына байланысты 5 – тен 25КВт энергия көзін өндіретіндігін, шағын станция күтімді аса қажет етпейтіндігін аттап өтті.

Жел электр құрылғысының жылжымалы да түрлері де бар екен. Бұл әсіресе электр желілері тартылмаған шалғайдағы шаруалар үшін өте тиімді. Жалпы көпшілікке таныстырылған баламалы энергия көзіне қажетті табиғи жел ауданымызда жетіп артылады. Елімізде жасалып жатқан шағын баламалы электр құрылғысының құны шамамен 3 млн теңгенің төңірегінде. Аталмыш жобаға қызығушылық танытқан отырарлық шаруалар мен кәсіпкерлер баламалы электр энергиясының қуаттылығы мен тиімділігі жайында сауалдарын қойып, мамандар тарпынан тұщымды жауаптар алды.