Түркістан облысының спортшылары 9 медаль жеңіп алды

0
401

2 алтын, 4 күміс және 3 қола иеленді.


Түркістан облысының спортшылары 9 медаль жеңіп алды

Қонаев қаласында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қонаев қаласындағы «Қапшағай» су қоймасында 20-28 шілде аралығында желкенді спорттан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.


Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің өрендері 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Яхталар арасындағы бәсекелерде Заңғар Абдурахман мен Светлана Чурикова чемпион атанды.