Түркістан облысында тұрғынды қорқытып, 3 млн теңге тұратын жылқысын алып кеткен

0
1 746

Күдіктілердің бірі қылмыстық топтың мүшесі болып шықты.


Түркістан облысында тұрғынды қорқытып, 3 млн теңге тұратын жылқысын алып кеткен

ERNUR.KZ.Түркістан облысында үш ер адам бөтен біреудің жылқысын алып кеткен, деп жазады sputnik.kz.

Полицияға жәбірленуші әйел шағымданған. Айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Түлкібас ауданының үш тұрғыны ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болып шықты.
Айғақ ретінде тәркіленген мал заңды иесіне қайтарылды.
Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-бөлігі "Өзінше билік ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.