​Түркістан облысында Орталық Азия жастарының форумы өтеді

0
1 442

Бұл туралы «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметі хабарлады.


​Түркістан облысында Орталық Азия жастарының форумы өтеді

ERNUR.KZ.Самарқанд қаласында Орталық Азия жастарының алғашқы форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Форум барысында «Жас Отан» Төрағасы Данияр Сүндетбаев Орталық Азия жастарының кеңесін құруды ұсынды. Оның айтуынша, құрылған кеңес 2019 жылы Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі өткізетін халықаралық жастар форумында Орталық Азия елдерінің атынан қатысатын болады.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Ресей елдерінен келген жастар қатысты. Орталық Азия елдерінен келген қонақтар аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне жас көшбасшылардың қатысуы тақырыбын талқылайды.

Сондай-ақ, форум қатысушылары мен қонақтары 2019 жылы Қазақстанның жаңа құрылған Түркістан облысында өтетін Орталық Азия жастарының келесі форумына шақырту алды. Бес күнге созылған форум нәтижесінде қатысушы елдер «2019-2021 жылдар аралығындағы өзара серіктестік» туралы меморандумға қол қояды.