Түркістан облысында оқушылар төбелесі орын алды

0
664

Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.


Түркістан облысында оқушылар төбелесі орын алды

ERNUR.KZ. Сарыағаш ауданында бұзақылық жәйті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олардың барлығы полицияға жеткізілді, тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

Бүгінгі таңда жанжалдың шығу себептері анықталуда. Жәбірленуші анасымен бірге тұрады, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдың тұрғындары, 7-нші және 9-ыншы сынып оқушылары.
Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.
Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады.
Іс Департамент бастығының бақылауында.