Түркістан облысында 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келді

0
1 090

Халқымыздың саны 20 миллионға жетті


Түркістан облысында 20 миллионыншы қазақстандық дүниеге келді

Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны Жетісайда дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны Жетісайда дүниеге келді. Нәрестенің салмағы 3400 гр, бойы 51 см. Бұл туралы облыс әкімідігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Сәбидің анасы Гүлмира Ізтілеуова Асықата ауруханасында босанып, сәбидің есімін Әлімхан деп қойған. Сәби мерейлі жанұядағы 4-перзент.


Анасы «Жеңіс» жалпы орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болса, әкесі Ерғали жалдамалы жұмысшы.


Жас отбасы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен құжаттарын тапсырған. Бүгінде ата-енесімен бірге тұрады.