Түркістан облысында 130 мектеп салынады

0
590

Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.


Түркістан облысында 130 мектеп салынады

Түркістан облысында мектептер проблемасын шешу мақсатында облыста кезең-кезеңімен 130 мектеп салу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде жергілікті жерлерде ардагер ұстаздардың кеңесін құрып, заман талабына сай жаңа моделді авторлық мектептер ашу міндеттері тұр. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай апатты және үш ауысымды мектептер проблемасын шешу мақсатында облыста кезең-кезеңімен 130 мектеп салу жоспарланған. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.


Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесі 2021-2023 жылдар толығымен шешімін табады. Биыл 78 мектептің (облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп) құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі 120 орындық жатақханасымен бірге салынуда. Облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі.


Қазіргі таңда жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 44 мектеп бюджет, 3-уі – жеке инвестиция есебінен. 1 қыркүйекте 44 мектептің 15-сі пайдалануға берілді, қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылы жеке инвесторлар есебінен жекеменшік 13 мектеп (Түркістан қаласы – 4, Жетісай ауданы – 1, Мақтаарал ауданы – 2, Келес ауданы – 1, Сауран ауданы – 1, Сайрам ауданы – 1, Сарыағаш ауданы – 2, Кентау қаласынан – 1,) ашылып, 2021-2022 жаңа оқу жылында өз жұмыстарын бастады.