ТҮРКІСТАН: Мас халде көлік басқарған азамат қамауға алынды

0
421

Көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды.


ТҮРКІСТАН: Мас халде көлік басқарған азамат қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері мас халде автокөлік басқарған азаматты қамауға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Кезекті шара барысында бұрылыс жарығын жақпай, өтіп кеткен «Опель вектра» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің иесі 2020 жылдың қараша айында Отырар аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицей жүргізушінің мас екенін растады.


Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған азаматқамауға алынды.