ТҮРКІСТАН: МӘМС есебінен балалар хирург-урологынан кеңес алуға болады

0
857

Жоғары технологиялық қызмет түрі де қор қаражаты есебінен де көрсетіледі.


ТҮРКІСТАН: МӘМС есебінен балалар хирург-урологынан кеңес алуға болады

Түркістан облысында МӘМС есебінен балалар хирург-урологынан кеңес алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Балалар урологының кеңесін тіркелген жері бойынша жолдама арқылы облыстық балалар ауруханасының консультациялық-диагностикалық емханасынан алуға болады. Егер науқаста оперативтік емдеу үшін көрсеткіштер болса, онда оған жолдаманы учаскелік педиатр береді.


Маманның кеңесі МӘМС шеңберінде көрсетіледі. Егер жоспарлы операцияға қажеттілік болса, пациентті де емдеуге жатқызу бюросының порталына кезекке қояды. Сондай-ақ, жоғары технологиялық қызмет түрі де қор қаражаты есебінен де көрсетіледі.


Атап өтсек, облыстық балалар ауруханасындағы балалар хирург-урологы Бахадир Хожашев педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында жедел андрологиясы бар балалар урологиясы бөлімшесінде тағылымдамадан өткен.


"Медицина ғылымдарының кандидаты және бөлім меңгерушісі, жоғары біліктілік санатты балалар урологы Риза Боранбаева және Бақытжан Әбекенов сияқты орталықтың басшылығына қосымша білім алуға және практикалық дағдымдышыңдауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын", - дейді практик дәрігер.


Бүгінгі таңда дәрігер Б.Хожашев обструктивті уропатиялар, балалардағы везик-несепағар рефлюксі, зәр шығару жүйесінің туа біткен ақаулары, балалардағы гидронефроздар, бүйрек мультикистоздары, бүйрек гипоплазиясы бойынша функциялары бойынша науқастарға кеңес береді, әрі емдейді.