ТҮРКІСТАН: Мақтааралдан Түркияға гуманитарлық көмек жіберілді

0
775

Қаржылай көмек те бар.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдан Түркияға гуманитарлық көмек жіберілді

Мақтаарал ауданынан бауырлас Түркия еліне гуманитарлық және қаржылай көмек жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданынан бауырлас Түркия еліне 2 лекпен 6 тоннаға жуық гуманитарлық көмек және 3 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек жіберілді.


Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ғимаратында арнайы штаб құрылған болатын.


"Түрік ағайындардың басына түскен трагедия мақтааралдықтарға да өте ауыр тиді. Сондықтан, ауданда гуманитарлық көмек жинауға тұрғындар белсене атсалысты", - деді аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Сүндет Кенжебаев.


Штаб мүшелері аудандағы қайырымдылық қорларымен және еріктілермен жүйелі жұмыс жүргізіп, 6 тоннғаға жуық гуманитарлық көмек жинады. Көмектің алғашқы партиясы 1 апта бұрын жіберілген болатын. Сонымен қатар, аудан әкімінің бастамасымен мемлекеттік қызметшілер 1 күндік жалақысын көмек ретінде аударды.


Айта кетейік, гуманитарлық көмектің ішінде көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар, термостар, қол шамдары, балаларға арналған жөргектер, гигиена құралдары және қысқы киім-кешектер мен аяқкиімдер бар.