ТҮРКІСТАН: «Ленгерка» өзені жаңаша кейіпке енгелі жатыр

0
1 259

Түркістан облысындағы туризм басты назарда.


ТҮРКІСТАН: «Ленгерка» өзені жаңаша кейіпке енгелі жатыр

Түркістан облысындағы «Ленгерка» өзенінің жағалауы абаттандырылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Ленгерка» өзенін абаттандыру жұмысының жобасы жүргізіліп жатыр. Нысанның мақсаты – балалар мен ересектер үшін жаппай демалыс аймағын ұйымдастыру. Атап айтсақ, «Ленгерка» өзенін абаттандыру 3 кезеңнен тұрады. Жоспар бойынша жолаяқ, көліктерге арналған тұрақтар төселіп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Сонымен қатар, өзеннің жағалауы нығайтылатын болады. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіз және кедергісіз қозғалысы үшін қатты жабынмен қамтамасыз етіледі.

Бүгінде Түркістан облысы түрлі бағыттар бойынша қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болып отыр. Бұрындары ауыл шаруашылығы саласымен алдыңғы орындарда жүретін күнгей өлке қазір туризм саласын дамытуға да шындап кіріскен. Әсіресе тарихи орындар мен табиғаты тамаша жерлер бірінен соң бірі қайта жаңғырып келеді. Сондай-ақ, екі жыл бұрын жаңа облыс орталығы статусына ие болған Түркістан қаласының күннен-күнге көркейіп келе жатқанын атап өтуге негіз бар.