ТҮРКІСТАН: Қоғамдық орындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

0
656

Жұмысқа 16 маман және 1 дана арнайы техника жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық орындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен кезекті рет залалсыздандыру шаралары іске асты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізді дүрліктірген коронавирус пандемиясының алдын алу шараларының басты бөлігінің бірі – халық көп шоғырланатын орындарды арнайы сұйықтықпен залалсыздандыру. Осыған орай бүгін Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен кезекті рет залалсыздандыру шаралары іске асты. Атап айтар болсақ, 16 маман және 1 дана арнайы техника аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын Рысқұлов және Жантұров көшелерінің бойындағы 4,7 шақырым аяқ жол мен аялдамаларға және орталық базар мен сауда үйлерінің кіре берістеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде Түлкібас ауданында дезинфекция жұмыстарын әкімшілік тарапынан бекітілген кестеге сай тиісті мекемелер жүзеге асыруда. Аудан орталығында халықтың көп шоғырланатын аумақтарды залалсыздандыру тәулігіне 2 рет 11-көше (3200 ш.м) мен 6 аялдама (1200 ш.м) дезинфекциялау бойынша жалпы 4400 шаршы метрге сызбасы бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымент қатар, ДСУ мөлтек ауданы мен Пушкин көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аула аумақтарын, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, трртуарларды, балалар және спорт алаңдарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді дезинфекциялау бойынша 5618 шаршы метрге сызбасы бекітіліп, арнайы мекемелер тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып келеді.