ТҮРКІСТАН: Келесте ардагерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

0
629

Мекеме ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды топ-топқа бөліп, қызмет түрлерін көрсетеді.


ТҮРКІСТАН: Келесте ардагерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды

Алғыс айту күнінде Келес ауданында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Қазыналы қария – тең қоғам» атты орталық қызметін бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Келес ауданында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Қазыналы қария – тең қоғам» атты орталық қызметін бастады. Орталықтың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы және ауданның бір топ қазыналы қариялары қатысып, ғимараттың лентасын қиды.


«Мекемені ашудағы мақсатымыз – аудандағы барлық қарияларымыз бен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде қарияларымыз уақыттарын көңілді өткізіп, емдік және спорттық сауықтырудан өтеді. Мекемеде медициналық мамандар, спорт инспекторлары және әлеуметтік мамандардан құралған 22 қызметкер қызмет көрсетеді», - деді өз сөзінде аудан әкімі Ақментай Үсенұлы.


Мекеме ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды топ-топқа бөліп, қызмет түрлерін көрсетеді. Өз кезегінде ел ағалары, зейнеткерлер қолайлы жағдай жасағаны үшін аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді. Ашылу салтанаты көңілді әнге ұласып, орталық мерекеге бөленді.