ТҮРКІСТАН: Келесте 300-ден астам кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілген

0
655

40 азаматқа нақты қызмет көрсетілген.


ТҮРКІСТАН: Келесте 300-ден астам кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілген

Келестік 300-ден аса кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Келес аудандық филиалы өткен жылы қаржы тапшылығынан кәсіп аша алмай жүрген 300-ден астам кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, 40 азаматқа нақты қызмет көрсетілген.


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Келес аудандық филиалының директоры Еркебұлан Маденовтың айтуынша, кәсіпкерлерге дер кезінде қажетті көмектер беріліп келеді.


«Өз бизнес жоспарымен келген кәсіпкер немесе кәсібін бастағалы жүрген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдауларды таныстырып, тиісті қаржы мекемелеріне бағыттадық. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Атамекен-Түркістан» микроқаржылық ұйымынан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыған 3 тәлімгерге 11,6 млн теңге, «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ мекемесі арқылы 27 млн теңге, сондай-ақ «Ырыс» МҚҰ-нан 108 млн теңге көлемінде несие алуға құжаттар пакетін дайындауға көмектестік», - дейді филиал директоры.