ТҮРКІСТАН: «Ісмер ана» жобасына кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетеді

0
912

Қаржыландыру және мемлекеттік қолдау, маркетинг мәселелері бойынша тегін қызмет ұсынбақ.


ТҮРКІСТАН: «Ісмер ана» жобасына кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетеді

Түркістанды кәсіпкер әйелдер өз қолдарымен тіккен киімдері мен жасаған бұйымдарын сатылымға шығаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Ісмер ана» жобасының алғашқы қатысушыларына сертификаттар тапсырылды. Көпбалалы, жұмыссыз аналарға арналған жобаны Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы, Түркістан «Оқушылар Сарайы», Іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды. Жоба 2021 жылдың қараша айынан бастап іске қосылған. Жоба мақсаты – әйелдерге кәсіптерін ашуға мүмкіндік, білім беру. Кәсіп үйренген әйелдер өз қолдарымен тіккен киімдері мен жасаған бұйымдарын сатылымға шығаруда.


«Ісмер ана» жобасының алғашқы қатысушыларының бастамаларын қолдау мақсатында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Нақыпбеков арнайы келді. Ол жаңа кәсіпкерлердің кәсіптерінің дамуына сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметке ақысыз сервистік қолдау бойынша сүйемелдейтінін жеткізді.


Нақтырақ айтсақ, Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікке жаңа қадам басып келген ханымдарға бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге қолдау көрсетеді. Заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау, маркетинг мәселелері бойынша тегін қызмет ұсынбақ.