Түркістан: Бәйдібекте танымал жазушының экспозициясы ашылды

0
557

Қаламгердің өмірінен сыр шертетін тарихи суреттер мен деректер, кітаптары жұртшылық назарына ұсынылған.


Түркістан: Бәйдібекте танымал жазушының экспозициясы ашылды

Бәйдібекте танымал жазушы Еркінбек Тұрысовтың экспозициясы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейінде жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Еркінбек Тұрысовтың экспозициясы ашылды. Онда қаламгердің өмірінен сыр шертетін тарихи суреттер мен деректер, кітаптары жұртшылық назарына ұсынылған.


Жиналған көпшілік алдында музей қызметкері Э.Жамашова жазушының өмірдерегі мен шығармашылығы жөнінде баяндама жасаса, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары ақындардың жазушыға арнаған өлеңдерін оқыды.


Салтанатты жиында ақын Нармахан Бегалиев, жазушының жерлесі Бейсен Жарқынбаев, жазушы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Сабырбек Олжабай, белгілі журналист Серікбай Тұржан жазушының шығармалары, азаматтық келбеті жайында әсерлі әңгімеледі.


Алдағы уақытта музейге келушілерге «Шаянның Шолоховы» атанған Еркінбек Тұрысовтың өмірі мен шығармашылығы насихатталатын болады.