ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында 3 мыңнан аса жұмыс орны ашылған

0
262

Биылғы жылдың алғашқы 3 айында 8,8 млрд. теңгеге жетіп, көрсеткіш көтерілген


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында 3 мыңнан аса жұмыс орны ашылған

Бәйдібек ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 60,7 млрд. теңгені құраған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы 11 ауылдық округте 50 мыңға жуық халық өмір сүріп жатыр. Тұрғындардың 97 пайызы қазақ ұлтының өкілдері. Бәйдібектіктердің 20 мыңы жұмысқа жарамды болса, солардың 19 мыңы еңбек етіп жатыр екен. Нәтижесінде, өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес біршама салада оң динамика байқалған. Мәселен, өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 60,7 млрд. теңгені құраса, биылғы жылдың алғашқы 3 айында 8,8 млрд. теңгеге жетіп, көрсеткіш көтерілген. Ал, биыл жергілікті бюджет түсімдері 1,9 млрд. теңгеге жеткізілмек. Былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі 761 млн. теңгені құраса, осы жылы 906 млн. теңгеге жеткізу жоспарланған. 2023 жылы құрылыс көлемі 16 млрд. теңгені құрап, жалпы ауданы 19 мың шаршы метр тұрғынүй іске қосылған екен. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов айтты.


Аудан басшысының айтуынша, былтыр негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 27,5 млрд. теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 29,4 млрд. теңгеге жеткізілмек. Осы ретте 2023 жылдың қорытындысымен жалпы құны 2,1 млрд. теңгені құрайын 8 инвестициялық жоба іске асырылған. Алдағы уақытта жалпы құны 27 млрд. теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба іске асырылып, 200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 6 мыңға жуықтаса, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 37,2 млрд. теңгені құраған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын 193 жоба қаржыландырылған.


«Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, өткен жылы 3184 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 2495 адамды жаңа жұмыс орындарына жолдау жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасы аясында 803 жұмыс орны ашылды. Былтыр 1965 адамға 104 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Ауданда 2938 мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес өткен жылы 72 азамат, ал 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 24 адам қоларбамен қамтамасыз етілді. 739 мүгедек пен 226 зейнеткерге демалыс орындарына жолдама берілді. Үйде оқитын 78 балаға 2,4 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. 361 мүгедектігі бар адам гигиеналық және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Ауданда 51 мектеп, 1 колледж бен 23 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында 2790 бала мектепке дейінгі ұйымдарға қабылданған. Бастауыш сыныптарда оқитын 5408 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардың 2000 баласы үшін мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға 87,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Мың баланы сауықтыру лагерьлеріне жіберу жоспарлануда. Аудан бойынша 3 елді мекенде тұратын 309 бала мектепке тасымалданады. Былтыр оқушыларды тасымалдайтын арнайы 3 жаңа автобус облыстық бюджет есебінен алынды. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында аудан орталығынан 300 орынды мектептің құрылысы басталған еді. Биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен бірге С.Әбдіжаппаров атындағы мектептің жылу жүйесіне, Домалақ ана, Ш.Уалиханов және Өтешов мектептеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді Ерлан Нұрмаханов өз сөзінде.