ТҮРКІСТАН: 9 оқушы Испаниядағы робототехника жарысына жолдама алды

0
228

Анталья қаласында өткен халықаралық “Robotex Turkiye 2024 ” робототехника сайысы өтті.


ТҮРКІСТАН: 9 оқушы Испаниядағы робототехника жарысына жолдама алды

Шардаралық 9 оқушы робототехника бойынша испаниядағы жарысқа жолдама алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Түркия мемлекетінің Анталья қаласында өткен халықаралық “Robotex Turkiye 2024 ” робототехника сайысы өтті.


Айтулы сында Түркістан облысы, Шардара ауданының Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының “Shardara team” робототехника командасы Азияның түкпір-түкпірінен келген 34 команданың арасында өткен білім бәйгесінде “Lego Sumo” категориясы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады.


Информатика пәнінің мұғалімі Маржан Саудабаеваның баптайтын команда Испанияда өтетін жарысқа жолдама алды.