ТҮРКІСТАН: 300-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

0
475

Бұрқасын жел басталып, аяз күшейген.


ТҮРКІСТАН: 300-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Түркістан облысының таулы аймақтарында және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз күшейген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023 жылғы 12 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де Түркістан облысының таулы аймақтарында және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз күшейген болатын. Салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа — Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды.


Боран басталғаннан күннен бастап Түркістан облысының құтқарушылары жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы жас балалар.


Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында алыс жолдарға шықпауға шақырады. Жолдардың жай-күйі туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады. Қар құрсауында жолда қалып қойған азаматтар 8-725-33-5-78-97, 102 жедел желілеріне хабарласу керек.