Шымкентке барған Алагөзова биліктің құлағына "алтын сырға" тағып кетті

1
4 281

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар танымал продюсер Баян Алагөзова Шымкент қаласында жаңа фильм түсіруге дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкентке барған Алагөзова биліктің құлағына

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар танымал продюсер Баян Алагөзова Шымкент қаласында жаңа фильм түсіруге дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күні кеше Шымкентке арнайы келіп, «Шымкент Плаза» ойын-сауық орталығында тұрғындарға өзінің жаңа «Сиситай» атты фильмін таныстырған продюсер көпшілікпен сұхбат құрды. Түрлі сауалдарға жауап берген ол "Сиситай" киносында өзінің рөлі туралы айтып берді. Аталған фильмде Алиса Мақсұтқызының рөлін сомдаған Баян Алагөзова аталған образ өзінің табиғи болмысына мүлдем жат екенін ашып айтты. Бар ұқсастық фильмдегі Алисаның продюсер болуында ғана. Кино туындыдағы продюсер спирттік ішімдікке жаны құмар болса, өмірдегі Баян Алагөзова өзін алкогольдік ішімдікті татып алмайтынын жеткізді. Сонымен қатар таныстырылым кезінде продюсер көрерменнің "Алдағы уақытта Шымкентте кино түсіруге қалай қарайсыз?» деген сауалына жауап беріп, Шымкент туралы ойын мақтау сөздермен жеткізді.

«Шымкент – бұл өте тамаша қала. Бұл жерде толықтай фильм түсіру керек. Мен мұнда фильм түсіруге қуана келісемін» деген продюсер шырайлы қалада талантты жандардың көп екенін алға тартты. Сонымен қатар Баян Алагөзова көне қала «Отырар» туралы тарихи фильм түсіруге қатысты ойын да жасырып қалмады.

«Тарихи жанр тым бөлек. Ол қымбат фильм, кететін шығын да көп. Қазіргі түсіріліп жатқан туындылармен салыстырғанда он есе артық шығын кетеді. Ал ондай қымбат фильм біздің нарықта өзін ақтамайды» деген Баян Мақсатқызы жергілікті биліктегілердің құлағына алтын сырға да тақты.

«Егер жергілікті билік бізді қаржыландыратын болса, ондай фильм түсіруге қуана келісемін» деп сөзін түйді продюсер.

Көрермен қауыммен қауышқан Алагөзова ханым кино әлемінде өзінің тұсауы кесілген «Махаббат бекеті» фильмі туралы да сөз қозғады. Нақтырақ айтқанда, продюсер өзі сомдаған «Махаббат бекетіндегі» Гүлнәз бен «Сиситайдағы» Алиса рөлдерінің қайсысы жүрегіне жақын екенін де айтып берді.

«18 жасымда маған Гүлнәзды ойнау қатты ұнайтын. Ал қазір қанша қаласам да ол рөлді ойнап шыға алмаймын. Сондықтан мен өзіме жақын әрі ұнайтын рөлдерді ойлап табамын. Ол екі рөлді салыстыруға келмейді. Екеуі екі түрлі адам, біреуі жас бойжеткен, екіншісі одан ересек әйел. Арасында қаншама жылдар өтті» деген Баян Алагөзова Гүлнәз образын араға 25 жыл салып қайта сомдап шығатынын да мәлімдеді. Яғни, біздің түсінгеніміз бойынша, продюсер «Махаббат бекеті» фильмінің екінші бөлімін көрермен назарына ұсынбақ ниетте. Бұл туралы продюсер осыдан бір ай бұрын өзінің желі парақшасында мәлімет таратқан болатын.

фото: ашық дереккөзден